Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

30.10.2018ж. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ФЛЭШМОБ ӨТТІ.

 

«ӨЗ СТАТУСЫҢДЫ БІЛ» ұранымен өткен, Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2018 жылдың 30 қазан күні Шымкент.қ Техникалық колледжінің студент жастары арасында АИТВ-жұқпасын, нашақорлықты алдын алу мақсатында «ЖИТС-қауіпті дерт» атты тақырыпта арнайы сала мамандарының қатысуымен кең ауқымды науқан және флэшмоб өтті.

Науқанға  Жастар ресурстық орталығының маманы Қ.Керімбай, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары Ф.Абдиева мен Н.Жургенбаева, Облыстық наркологиялық диспансерінің маманы Р.Баймурунова қатысты.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ф.Абдиева

30.10.2018ж. «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты Жетісай ауданында акция өтті.

        

    «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы  күрес жөніндегі орталық», «Қызылқұм» ЖОМ

ұжымы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп акция өткізді.

     Акцияның көздеген мақсаты жастарға АИТВ (ВИЧ) жұқпасының  алдын алу шарасын, берілу жолдарын түсіндіру, жеке бас гигиенасын дұрыс ұстануға, алкогольдік ішімдіктерден, есірткінің, темекінің зиянды әдеттерінен алшақ болуға талпындыру.

Акцияға – 135 адам қатысты.

 Мақала авторы : Б.Ф.Серикбаева дәрігер эпидемиолог